Таллинде (Эстония) дзюдодан European Open сериясының турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы жарысқа жеті спортшыны қосты. Алайда финалға дейін бір ғана дзюдошы жетті.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ардақ Серіков қола жүлде үшін белдесіп, украиналық Федор Ярошенкоға есе жіберді.
Дәурен Сүйкенов (60 келіге дейін), Табылды Биғамбаев (66 келіге дейін), Оразгелді Оралов (81 келіге дейін) және Сымбат Тағай (48 келіге дейін) алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты.
73 келіге дейінгі салмақта Ернар Кеңесқан үшінші айналымға дейін жетіп, ирландиялық Джошуа Гринге жол берді. Осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мағжан Әлжанов жарысты екінші айналымда аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!