Қазақстан құрамасының дзюдошылары Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев екінші айналымда жапониялық Такеши Такеокаға жол берді.
Ал Ақылжан Жұбатқанов дәл осы салмақта тәжікстандық Нурали Эмомалиден жеңіліп қалды.
Осылайша, қос дзюдошы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова