Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогында үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Команда қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде бар.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков күміс жүлдегер атанды.
Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова