Дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді: ұлттық құрама үздіктері татамиге шығады

Оралда дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ел біріншілігіне 17 өңірден 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ұлттық құраманың спортшылары Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова бар. 

Сондай-ақ, чемпионат нәтижесі 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы сапын жасақтау барысында маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, ел біріншілігі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!