Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ұлттық құрама қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.
Ал Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова