Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың толық тізімі мынадай:
Ерлер
- 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан
- 66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
- 81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
- 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
- 100 келіге дейін: Асқар Біржанов
- 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Диана Бүркеева
- 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова