19-21 маусым аралығында Ұлан-Баторда (Моңғолия) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыстың маңызы ерекше. Себебі дәл осы бәсекеден 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі ресми түрде басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан Grand Slam турниріне 20 спортшы қатысады.
Ерлер:
- 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақжігіт Насыр
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
- 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
- 90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысаналы
- 100 келіге дейін: Марат Байқамұров
Әйелдер:
- 48 келіге дейін: Ғалия Тыңбаева, Диана Бүркеева
- 52 келіге дейін: Аружан Ережепова
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
- 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дәмеля Асылханова
- 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, құрамға биыл халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізген спортшылар енген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова