Дзюдодан гран-при турнирі: қазақстандық сегіз спортшы сынға түседі

Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан гран-при турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі. 

Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды:

  • 60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов
  • 66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа
  • 73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
  • 81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!