Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан гран-при турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі.
Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды:
- 60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов
- 66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа
- 73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
- 81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова