Қазақстан құрамасы дзюдодан Эстонияның Таллин қаласында өтетін European Open турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мәліметінше, ұлттық құрама сапында сегіз спортшы бар.
Ерлер
- 60 келіге дейін: Даурен Сүйкенов, Мағжан Алжанов
- 66 келіге дейін: Табылды Биғамбаев
- 73 келіге дейін: Ернар Кеңесқан, Шахнияз Ағыбаев, Ардақ Сериалы
- 81 келіге дейін: Оразгелді Оралов
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Сымбат Тағай
Айта кетейік, жарыс 6-7 маусым күндері өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова