Дзюдодан Еуропа кубогы: Қазақстанның нәтижесі қандай?

Дзюдодан Еуропа кубогы: Қазақстанның нәтижесі қандай?
Фото: IJF

Прагада (Чехия) дзюдодан Еуропа кубогы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде ел қоржынына бір алтын және бір күміс медаль салды.

Ғалымжан Қырықбай 100 келіден жоғары салмақта ақтық сында командаласы Жантілек Нұртілепұлымен кездесті. Нәтижесінде Ғалымжан Қырықбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Тасним Абдуали қола жүлде үшін күрескен еді. Дегенмен шешуші белдесуде Германия өкілі Хелен Хабибтен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақта Шерзод Давлатов алтын алса, Нұраділ Әлжан қола медальға ие болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget