Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес тізімге Қазақстан құрамасынан 18 спортшы енген.
Ерлер:
- 60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов
- 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов
- 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров
Әйелдер:
- 48 келіге дейін: Диана Бүркеева
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева
- 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
- 70 келіге дейін: Ажар Асхат
- 78 келіге дейін: Аруна Жангельдина
- +78 келі: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, құрамда өзгерістер болуы мүмкін. Азия чемпионаты 16-18 сәуір аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!