Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ұлттық құраманың алдын ала тізімі мынадай:
Ерлер
- 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
- 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
- 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
- 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
- 90 келіге дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов,
- 100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
- 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
- 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
- 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
- 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
- 70 келіге дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
- 78 келіге дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
- 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!