Дзюдодан Австриядағы жарысқа кімдер қатысады?

Дзюдодан Австриядағы жарысқа кімдер қатысады?
Фото: ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ұлттық құраманың алдын ала тізімі мынадай:

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
  • 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
  • 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
  • 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
  • 90 келіге дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов, 
  • 100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
  • 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
  • 52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
  • 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
  • 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
  • 70 келіге дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
  • 78 келіге дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget