Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстанның нәтижесі қандай?

Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір жүлдемен көзге түсті.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов та жүлдеге бір қадам жақын болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа есе жіберді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!