Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.
Алайда шешуші белдесуде Дана Әбдірова жапониялық Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова