Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалдағы кезеңіне дейін жетті.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық дзюдошы әзербайжандық Омар Раджаблимен белдесті.
Бұл бәсекеде Омар Раджабли жеңіске жетті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!