Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: ҰОК

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың толық тізімі мынадай:

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан
  • 66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
  • 81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
  • 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
  • 100 келіге дейін: Асқар Біржанов
  • 100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Диана Бүркеева
  • 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget