Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
Фото: ҰОК

19-21 маусым аралығында Ұлан-Баторда (Моңғолия) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыстың маңызы ерекше. Себебі дәл осы бәсекеден 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі ресми түрде басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан Grand Slam турниріне 20 спортшы қатысады.

Ерлер:

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақжігіт Насыр
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
  • 90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысаналы
  • 100 келіге дейін: Марат Байқамұров

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін: Ғалия Тыңбаева, Диана Бүркеева
  • 52 келіге дейін: Аружан Ережепова
  • 57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
  • 63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дәмеля Асылханова
  • 78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, құрамға биыл халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізген спортшылар енген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget