- Негізгі бет
- Спорт
- Дзюдодан "Grand Slam"...
Дзюдодан "Grand Slam" турнирі: Бауыржан Нарбаев – күміс жүлдегер
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан әлемдік Grand Slam додасын сәтті бастады.
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі медаль ұтып алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандық қос дзюдошы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, Бауыржан Нарбаев жарыстың күміс жүлдесіне ие болса, Мағжан Шамшадин қоланы қанағат тұтты.
Бауыржан Нарбаев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, төрт кездесу өткізді. Ал жарыстың финалында украиналық Артем Лесюкпен кездесті. Екеуара кездесу өкінішке қарай, қарсылас еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, 66 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін белдесуде Украина спортшысы Богдан Ядовқа есе жіберді.
Дәл осы салмақта (66 кг) татамиге шыққан Елдос Сметов екінші белдесуінде жеңіліс тапты.
Тель-Авивте өтіп жатқан байрақты бәсеке 19 ақпанға дейін жалғасады.
Т. Раушанұлы