Дзюдодан European Open турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Дзюдодан European Open турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: IJF

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эстонияның Таллин қаласында өтетін European Open турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мәліметінше, ұлттық құрама сапында сегіз спортшы бар.

Ерлер

  • 60 келіге дейін: Даурен Сүйкенов, Мағжан Алжанов
  • 66 келіге дейін: Табылды Биғамбаев
  • 73 келіге дейін: Ернар Кеңесқан, Шахнияз Ағыбаев, Ардақ Сериалы
  • 81 келіге дейін: Оразгелді Оралов

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Сымбат Тағай

Айта кетейік, жарыс 6-7 маусым күндері өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget