Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды
Фото: IJF

Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Лозаннада (Швейцария) өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әлем чемпионатын өткізу туралы ресми келісімге Лозаннадағы Grand Slam турнирі кезінде қол қойылған.

Лозанна әлем чемпионатын 55 жылдан кейін қайта қабылдамақ. Бұған дейін онда әлем чемпионаты 1973 жылы өткен еді. Ол кезде жүлделер тек ерлер арасында сарапқа салынған.

2028 жылғы турнир Лос-Анджелес Олимпиадасының алдында өтеді. Әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.

Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget