Дзюдодан 2024 жылдың соңғы Grand Slam жарысы Астанада өтетін болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесін жаңартты. Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылған.

Жарыс 10-12 мамыр күндеріне жоспарланған. Бұл бәсеке 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болмақ.

Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін ұпайлар:

I орын - 1000 ұпай
II орын - 700 ұпай
III орын - 500 ұпай

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!