Дулат Бекбауов Ташкенттегі әлем чемпионатында 9 дүркін чемпионды жеңді

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финалындағы кездесуде отандық спортшы румыниялық Андрей Мустетке қарсы рингке шықты. Бекбауов жекпе-жекте сенімді жұдырықтасты, төрешілер бірауыздан оған басымдық берді.


Айта кетейік, Дулат Бекбауов былтыр Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Андрей Мустетке келсек, ол Румынияның тоғыз дүркін чемпионы және Еуропа чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!