Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті.
Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті. Осылайша ұлттық құрама қоржынына тағы бір алтын медаль салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!