Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті

Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті
Фото: Арлан Олжабай/ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті.

Отандасымыз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті. Осылайша ұлттық құрама қоржынына тағы бір алтын медаль салды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget