- Негізгі бет
- Спорт
- Допинг дауына іліккен...
Допинг дауына іліккен қазақстандық спортшы пәтері мен сыйақысын қайтара ма?
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева жарыстардан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет Игорь Сонға қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық спортшыдан допинг-сынама 2022 жылдың наурыз айында Талдықорғанда өткен жарыста алынған. Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) стандарты бойынша бірнеше рет қайта тексерілген. Қорытындысында қанынан тыйым салынған препарат анықталып, 2030 жылдың 8 наурызына дейін жарыстардан шеттетілді.
Министрліктің ресми өкілі Олимпиада жүлдесі және сол үшін алған мемлекеттік сыйақы мен пәтеріне қатысты сұрақтарға да жауабын айтқан.
Игорь Сонның 2020 жылғы Олимпиада ойындарында тапсырған допинг сынамасы таза. Сондықтан қола медалі мен оған берілген ақшалай сыйақы, пәтері кері қайтарылмайды, - дейді.
Игорь мансабында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!
О. Сансызбай