Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Дмитрий Попко Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!