Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады
Фото: ©ktf.kz

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мериде (Мексика) өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді.

"Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4", - деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, ширек финалға шығу үшін Дмитрий Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget