Джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Финалда спортшымыз БАӘ құрамасының өкілі Махди Алавлакиді жеңді.
Айта кетейік, бүгін Жібек Құлымбетова екінші орын алса, Мансұр Хабибулла үшінші орынға ие болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз