Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде болды. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) еді. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
"Жалпы жекпе-жек біздің жоспар бойынша өтті. Тек кей жерлерде өзім толық жұмыс істей алмадым. Мен оны мерзімінен бұрын жеңуім керек еді. Ондай сәттер болды. Оның мұрнын сындырдым, саусағы да сынған сияқты. Яғни барынша көп зиян келтірдім, үнемі алға жүріп, қысым жасап отырдым. Жекпе-жекті толық бақылап тұрдым, сондықтан жеңіс менің пайдамда аяқталды", - деді Нұрғожай жекпе-жектен кейін.
Сондай-ақ6 жекпе-жектен кейін Дияр қарсыласын неге мерзімінен бұрын жеңбегені туралы сұраққа жауап берді.
- Неге қарсыласыңызды мерзімінен бұрын жеңбедіңіз? Психологиялық тосқауыл болды ма?
"Жоқ, ондай ештеңе болған жоқ. Кейбір соққылар дәл тимей қалды. Денеге ауыр соққылар жасадым, бірақ кей жерлерде жеткізе алмадым, кей жерде өзім толық жұмыс істемедім. Бірақ бұл менің психологиялық жағдайыма байланысты емес. Мен үнемі алға жылжып, мерзімінен бұрын жеңуге тырыстым. Себебі бұл өте мықты турнир, тамаша кард болды. Көрермендерге әдемі жекпе-жек көрсетуге тырыстым", - деді қазақстандық спортшы.
Баспасөз мәслихатында Нұрғожай жекпе-жек кезінде көзін жиі ұстау әдетіне де пікір берді. Оның айтуынша, бұл жүйкеге байланысты.
- Жекпе-жек кезінде көзіңізді жиі ұстайсыз. Көзіңізге бірнәрсе болды ма?
"Жоқ, ештеңе болған жоқ. Меніңше, бұл жүйкеден болуы мүмкін. Қазір мұнымен жұмыс істеп жатырмын, жақында бұл әдеттен арыламын", - деді Дияр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!