Қазақстанның үздік шахмат гроссмейсі, спорт шебері Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқаратын болды.
"Қуанышты хабарыммен бөліспекпін, мені ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрайымы етіп тағайындады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
FIDE комиссиясының құрамына әлемнің 130 мемлекетінен 224 адам енеді. Ал Динара Сәдуақасова басқарған спортшылар комисиясында Салем Салех (БАӘ), Ахмед Адли (Египет), Антоанета Стефанова (Болгария), Каролина Лухан (Аргентина), Давид Навара (Чехия), Екатерина Аталик (Түркия), Джомо Питтерсон (Ямайка), Джошуа Кастильо (Колумбия), Джу Венджун (Қытай), Одион Айхоже (Нигерия) және Сарасадат Хадемалшарие (Иран) және Алина Кашлинская (Ресей) бар. Динара Сәдуақасова осы комиссияны алдағы ай көлемінде басқарады.
Комиссия жұмысының мақсаты – жетекші шахматшыларды ФИДЕ басшылығының шешім қабылдау процесіне тарту.