Диас Қален грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Диас Қален (82 келі) Азия чемпионатының финалында қырғызстандық Ақылбек Талантбековтен жеңіліп қалды. Есеп: 2-3.
Бәсекені ширек финалдан бастаған қазақстандық спортшы өзбекстандық Мухаммодкодир Расуловты, жапониялық Юя Маетаны сенімді жеңді.
Бұл – Қазақстан құрамасының қоржыны түскен екінші күміс медаль.
2023 жылғы Азия чемпионатының екі күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық грек-рим балуандары 8 медаль жеңіп алды. Ибрагим Магомадов алтын, Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсынов күміс, Алмат Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедәлі Мамырбек және Әлімхан Сыздықов қола жүлдегер атанды.
![]()
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!