- Негізгі бет
- Спорт
- Диана Тасжанова еркін...
Диана Тасжанова еркін әдіспен жүзуде ел рекордын жаңартты
Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукуоке қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Диана Тасжанова ел рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелдер арасында 1500 метрге еркін стильмен жүзуде Диана Тасжанова аталған қашықтықты 17 минут 09.98 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд та Дианаға тиесілі болатын. Ол кездегі нәтижесі 17 минут 23.37 секунд болатын.
Диана Тасжанова өз нәтижесін жақсартқанмен, 19-орыннан көрініп, финалдық кезеңге шыға алмады.
Жарыстың екінші күні Дианадан бөлек тағы екі спортшымыз бақ сынады. 100 метрге шалқалай жүзуде Ксения Игнатова 32-орыннан көрінсе, Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 42-ші сатыға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким әртістік жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленген болатын.
О. Сансызбай