Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте өтетін Болгария – Қазақстан матчының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бәсекенің бірінші күні 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 15.00-де кортқа еліміздің екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы болып кортқа шығады.
Скатов рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузмановпен сынға түседі.
Жиырма минуттан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бубликке кезек келеді. Ол рейтингте 569-сатыдағы Янаки Милевтің шамасын байқап көреді.
Жексенбі күні, 17 қыркүйекке үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр – Донски – Александр Лазаровпен шеберлік байқасады. Содан кейін Бублик Кузмановпен, Скатов Милевпен кездеседі.
Жеңімпаз команда алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін тағы бір қарсыласымен матч өткізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз