Денис Никиша Универсиада ойындарындағы екінші қоласын алды

Денис Никиша Универсиада ойындарындағы екінші қоласын алды
Фото: almaty2017.com

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII Универсиада ойындарында шорт-тректен 1000 метрге ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Бұл бәсекеден Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.

Шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа сынға түскен спортшылар арасында корей жігіті Лим Кён Вон 1:28.024 уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды да корей жігіті Пак Чжи Вон (+0.027) жеңіп алды. Ал үздік үштікті қазақстандық спортшы Денис Никиша түйіндеді. Отандасымыз көшбасшыдан +0.165 секунд уақытқа қалып қойды. Сайыстың финалына шыққан екінші отандасымыз Айдар Бекжанов төртінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, кеше Денис Никиша 500 метр қашықтықта да қола жүлдегер атанған болатын.

О. Сансызбай
Logotype Massaget