Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирін сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 260-орында тұрған Евсеев алғашқы айналымда жұптық сында 2015 жылғы Аустралия ашық чемпионатының және 17 ATP жарысының (соның 9-ы жекелей сында) жеңімпазы, әлемнің бұрынғы 9-ыншы, қазіргі 128-ракеткасы Фабио Фоньинимен кездесті. Атақты қарсыласын 6:4, 7:6 (8:6) есебімен сүріндірген қазақстандық теннисші екінші айналымда қытайлық, рейтингте 585-орындағы Цуй Цземен сынға түседі.
Сондай-ақ әлемнің 302-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде рейтингіде 610-сатыдағы корт иесі Ли Чжэні жолдан тайдырды – 6:4, 6:4. Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 69-ыншы, доданың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакиспен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!