Демеу Жадраев Олимпиададан кейін алғашқы халықаралық турнирінде алтын алды

Демеу Жадраев Олимпиададан кейін алғашқы халықаралық турнирінде алтын алды
Фото: ҰОК/ Тұрар Қазанғапов

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен гран-при турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз бұл турнирде жеті медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын:

  • Демеу Жадраев (77 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиададан кейін алғашқы халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз чемпион атанды.
  • Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін) күміс жүлде иегерлері атанды.
  • Ал Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мұхамадиев (63 келіге дейін), Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget