Дембеле жаңа маусымда ойнайтын клубты таңдады

Франция құрамасы мен Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының вингері Усман Дембеле Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" клубынан түскен тиімді ұсынысқа қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Саша Тавольеридің мәліметінше, ол мансабын Париж клубында жалғастыруды жөн көрген.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, 28 жастағы Дембеле жақын арада Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы ПСЖ-мен жаңа келісімшартқа қол қоюы мүмкін.

2025/26 жылғы маусымда Усман Дембеле ПСЖ-ның негізгі көшбасшыларының бірі болды. Франциялық футболшы барлық турнирде 40 матч өткізіп, 20 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ол 2026 жылғы әлем чемпионатында да жарқын ойын өрнегін көрсетті. Франция құрамасы сапында сегіз матчқа қатысып, оның жетеуінде негізгі құрамда алаңға шықты. Дембеле турнир барысында алты гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!