- Негізгі бет
- Спорт
- ДДСҰ: "Әлемдегі жасөспірімнің...
ДДСҰ: "Әлемдегі жасөспірімнің 19% ғана спортпен шұғылданады"
Әлемдегі ең жалқау жасөспірімдер Оңтүстік Кореяда тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары кәрістердің 24 сағатта тек 7 пайызы ғана спортпен айналысатынын анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары 146 елдегі 11 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың өмірін зерттеген. Зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі жасөспірімдердің тек 19 пайызы ғана спортпен шұғылданады екен.
Мамандар мұндай статистиканың болашақ үшін қауіпті екенін айтып алаңдаушылық білдірді. Аз қимыл-қозғалысқа негізделген өмір салты семіздікке алып келеді және бұл проблема бүкіл әлемде жиі кездесіп отырады.
Кейбір елдерде (Оңтүстік Кореядан басқа Филиппинде, Камбоджада және Суданда) ”жалқау” жастардың үлесі 90 пайыздан асқан. Ең жақсы көрсеткіш Бангладеште тіркелген. Бұл жерде жасөспірімдердің 33,9 пайызы физикалық белсендік танытады. Одан кейінгі орындарда Словакия, Ирландия, АҚШ және Болгария.
Жалпы алғанда, қыздар ұлдарға қарағанда спортпен аз шұғылданады. 146 елдің төртеуінде ғана – Тонга, Самоа, Замбия және Ауғанстан мемлекетінің қыздары физикалық белсенді өмір сүреді.
“Қазіргі әлем бізді өзгертіп жатыр, ал қозғалыс – бұл өзгерістің ең керемет көрсеткіштерінің бірі” - деп атап өтті Шығыс Онтарио зерттеу институтының ғалымдары.
Электрондық “революция” адамдарды бір жерге жинап, оларды үй мен кеңселерге (үйлерде, мектептерде, кеңселерде және көліктерде) “оқшаулап” тастады. Олар көбіне бір орында отырады, көлік жүргізеді, аз жүреді және дене жаттығуларымен аз айналысады. Жасөспірімдер әуестенетін ойындар ХХІ ғасырда сандық, компьютерлік ойынға яғни экранның арғы бетіне ауысып кеткен.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай өмір салты – әлемдегі мерзімінен бұрын өлім құшу қаупінің төртінші факторы, бірақ оның жас ұрпаққа тигізетін әсері әлі де жақсы түсіндірілмейді.
Баяндама авторлары жастар арасындағы дене шынықтыру белсенділігін мемлекеттік деңгейде насихаттау керектігін атап өтті, өйткені бұл жүрек, өкпе, сүйектер мен бұлшықеттерді дамыту және салауатты өмір салтын сақтау үшін маңызды.
Т. Раушанұлы