Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақ файтер Қуат Хамитов (24-6) кезекті жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Менің Тайландтағы үш айлық оқу-жаттығуым аяқталды. Бүгін бізде соңғы спарринг өтті, салмақ жинап, жекпе-жекке шығу қалды! Жылы қарсы алғаныңыз және жақсы дайындағаныңыз үшін Саят Әбдірахманов және Tiger Muay Thai рақмет!", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Бұған дейін Хамитов келесі жекпе-жегінде ресейлік файтер Акоп Степанянмен (27-12) жұдырықтасатынын мәлімдеген болатын. Жекпе-жек 16 наурызда Атырауда Mergen FC промоутерлік турнирінде өтуі керек.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!