Дәурен Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

29 жастағы қазақ боксшысы бұл жолы 25 жастағы америкалық Бернард Томаспен жұдырықтасты. Нью-Йоркте өткен жекпе-жек кезінде Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Елеусінов бұған дейінгі төрт жекпе-жекте де жеңіске жеткен еді. Ал америкалық боксшы осымен үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Оның қоржынында бес жеңіс бар.

Дерекккөз: tengrinews