Азамат Дәулетбеков күрестен Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.
Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев та жартылай финалға шыққан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!