Қазақстан футбол федерациясы "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Федерация мәліметінше, Дастан Сәтпаев алдағы ойындарға қатыспайды.
"Ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексерістен өтті. Тексеріс қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан футбол федерациясы бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова