Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар тізіміне енбеді

Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар тізіміне енбеді
Фото: QazSport

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасының қорытынды матчтарына шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ұлттық құрама сапына 27 футболшы шақырылды. Ал ағылшындық "Бернли" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев тізімге енген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Қараша айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова және Словакия құрамаларымен кездеседі.

13 қараша 2026 жыл | 22:00

Молдова – Қазақстан
«Зимбру» стадионы, Кишинев

16 қараша 2026 жыл | 20:00

Қазақстан – Словакия
«Астана Арена», Астана

О. Сансызбай
Logotype Massaget