Алматылық "Қайрат" және Қазақстан ұлттық құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Қазақстан құрамасы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы ойында матчтің 9-минутында ұлттық құраманың алғашқы голын соқты. Гол соққан сәтте шабуылшының жасы 17-де еді.
Сәтпаевтың голына дейінгі рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі еді. Ол 2018 жылғы 23 наурызда Венгрия қақпасына гол соққан. Сол кезде оның жасы 18-де болған.
Айта кетейік, дәл қазір "Астана Арена" стадионында Қазақстан және Бельгия құрамалары арасындағы матч өтті. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек