Дастан Сәтпаев голын марқұм Диас Төлеуге арнады

Дастан Сәтпаев голын марқұм Диас Төлеуге арнады
Фото: "Қайрат" ФК

Дастан Сәтпаев голын марқұм Диас Төлеуге арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

19 жастағы Диас Төлеу 16 қазанда Бірінші лигада өткен "Хан-Тенгри" мен "Екібастұз" арасындағы матч кезінде көз жұмды. 64-минутта өзін жайсыз сезінгеннен кейін дәрігерлер "Хан-Тенгри" ойыншысын зембілмен алаңнан алып шыққан.

Ойыншының қаза болу мән-жайы әзірге жарияланбаған, бірақ футболшының соңғы минуттарына қатысты кейбір деректер белгілі болды.

17 қазанда алматылық "Қайрат" Петропавлдың "Қызылжарын" жеңді.

Кездесу барысында Дастан Сәтпаев гол соғып, оны Диас Төлеуге арнады. Ол "Т" және "8" белгілерін көрсетті (Диастың тегі - "Т", оның ойын нөмірі - 8).

ҚФФ мәліметінше, Диас жастығына қарамастан футболға деген ерекше құштарлығымен және көзге түсетін талантымен ерекшеленген. Ол "Қайрат" академиясының түлегі. 2006 жылғы 4 мамырда туған. "Хан-Тенгриге" 2024 жылғы сәуірде ауысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget