Дастан Сәтбаев “Челси“ сапындағы алғашқы голын соқты

Дастан Сәтбаев “Челси“ сапындағы алғашқы голын соқты
Фото: chelseafc.com

Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев лондондық "Челси" сапында дебют жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 жастағы қазақстандық футболшы Аустралияда "Вестерн Сидней" командасына қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты. Дастан 36-нөмірді иеленіп, шабуылдың сол қанатында ойнады.

"Челси" сапындағы алғашқы матчының 6-минутында-ақ қазақстандық вундеркинд алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, жас дарын шамамен бір ай бұрын "Челсиге" қосылып, жаңа командасымен бірге маусым алдындағы турнеге бірден кірісті. Лондондықтар Аустралия мен Азияда бес матч өткізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Chelsea FC (@chelseafc)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget