Дастан Сәтбаев “Бернлидегі“ дебютінен кейін мәлімдеме жасады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англияның "Бернли" клубындағы дебютінен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы шабуылшы 23 тамызда "Вест Бромвичке" қарсы кездесуде алғаш рет "Бернли" сапында алаңға шықты.

Дастан Сәтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында матчтан түскен суретін жариялап, оған қысқа жазба қалдырды.

"Әлхамдулиллах, жақсы күндер әлі алда", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев "Бернли" сапында ресми матч өткізген Қазақстанның алғашқы футболшысы атанды.

18 жастағы шабуылшы лондондық "Челсиден" жалға алу негізінде ағылшын клубында 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісім 2026/27 маусымның аяғына дейін есептелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!