Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "IBA Чемпиондар түні" атты бокс кешінде шаршы алаңға шықпайтын болды. Оның орнына басты жекпе-жекте Геннадий Головкин командасындағы Али Ахмедов жұдырықтасады, - деп хабарлайды "Спорт Шредингера" телеграм-арнасы.
"IBA Чемпиондар түнінде" Данияр Елеусінов өзбек боксшысы Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады деп күтілген. Алайда жарақатына байланысты отандасымыз кездесуден бас тартқан.
Даниярды алмастырған Али басты жекпе-жекте венесуэлалық Карлос Риверомен (26-3,1, 15 КО) жұдырықтасады.
28 жастағы Ахмедов соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында жекпе-жек өткізген. Ал Алматыда 2017 жылдан бері кездесу өткізбеген.
"IBA Чемпиондар түні" 27 сәуір күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Бокс кешін кейінгі уақытта IBA тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Мұндағы жекпе-жектер боксшылардың ресми статистикасына әсер етпейді.
Алматыдағы бокс кешіндегі жекпе-жектер:
Жеңілірек салмақ (50,8 кг), 6 раунд
Теміртас Жүсіпов – Рудольф Гарбоян (3-0, 2 КО, Армения)
Бірінші жартылай орта салмақ (63,5 кг), 6 раунд
Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО) – Давид Азизян (Армения)
Аса ауыр салмақ (+92 кг), 6 раунд
Сағындык Тоғамбай – Давлат Болтаев (Түрікменстан)
Орта салмақ (72,5 кг), 8 раунд
Талғат Шәйкен (9-0, 5 КО) – Юрий Осипов (4-0, 3 КО, Ресей)
Бірінші ауыр салмақ (90,7 кг), 8 раунд
Бекзад Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) – Луис Антонио Техеда (9-0-1, 6 КО, Доминикан Республикасы)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!